Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 146/ҚЕ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары бойынша департаменттері осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзімде хабардар етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Комитет Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты | Е. Сағымбаев |
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 146/қе бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі